Енді елімізде аста төк той жасағандар салық төлеуі мүмкін. Көпшілік көптен күткен қуанышын өткізу үшін, несие алатыны жасырын емес. Енді мемлекеттік кірістер комитеті шығындарды шашау шығармай жіті тексереді. Қадағалау тек той саласына қатысты ғана емес. Спорт орталықтары мен мейрамханалардың иелері, сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлер мен қарапайым азаматтарға да жүргізілуі мүмкін. Егер ресми шығындарыңыз табысыңыздан асатын болса, салық органдарының күдігіне ілінесіз