5 ел. 5 Президент. 1 мүдде. Өйткені аймақтың жаһандық аренадағы беделі өсіп келеді. Бұған дейін Орталық Азия елдерінің басшыларымен АҚШ, Қытай, Ресей және басқа да мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың жетекшілері бірнеше мәрте кездескен. Осы жолы Еуропалық одақ саяси диалогты жаңа деңгейге көтеруге ниетті. Жиында Қазақстан Президенті ең алдымен экономикалық байланысты бекемдеудің маңызына тоқталды. Оның айтуынша, Қазақстан Еуропалық Одақ нарығына жалпы құны 2 миллиард доллардан асатын 175 тауар түрінің экспортын ұлғайтуға дайын.