Облыста KIA автокөліктерін шығаратын жаңа зауыттың пилоттық өндірісі шілде айында басталады. Ірі өнеркәсіп нысаны 1500-ге жуық адамды еңбекпен қамтуға мүмкіндік бермек. Бүгінде мұнда инфрақұрылымды жеткізу шаралары қарқынды жүріп жатыр. Аймақ басшысы KIA компаниясының ресми өкілдерімен бірге өндіріс ошағында болып, құрылыс жұмыстарының барысымен танысты