Көктем келісімен Тобыл өзенінің бетіндегі мұз да жұқара түсуде. Сәйкесінше, мұз үстінде жаяу жүру қаупі де күшейген. Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары тұрғындарға қауіпсіздік шараларын сақтап, мейлінше абай болуға шақырады. Десек те, құтқарушылардың ескертулерін елеместен, Тобыл өзенінде қармақ салушылар аз емес. Оларға 1 млн теңгеге жуық айыппұл салынған.