Денсаулығыңызды сақтаудың ең ұтымды жолы – уақтылы тексерістен өту. Енді облыс тұрғындары үшін тегін медициналық көмек қолжетімді. Емханаларда алғашқы қажетті анализдерді ақысыз тапсыруға мүмкіндік бар. Барлығы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында жүзеге асырылады. Ол үшін дәрігерден жолдама алу жеткілікті.