Қауіпсіздік шараларының сақталмауы, электр құрылғыларын дұрыс пайдаланбау – өрт шығуының басты себебі. Өңірлік коммуникациялар қызметінде, жаңа жыл мерекесін тойлау кезіндегі өрт қауіпсіздігі тақырыбында кезекті брифинг өтті. Қостанай облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері мереке қарсаңында қауіпсіздікті арттыру шараларын түсіндіріп, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаудың маңыздылығына тоқталды.