Экономика құрылымы көз алдымызда өзгеруде. Қостанай бұрынғы аграрлық аймақтан өнеркәсіптік өңірге айналуда. Қостанай облысына жұмыс сапары кезінде өңірдің өнеркәсіптік әлеуетімен танысқан ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов осылай мәлімдеді. Шаруашылық пен өндірісте қызмет ететін жұмысшы мамандарға жан-жақты қолдау көрсетілетінін айтты. Үкімет басшысы аймақтағы бірқатар нысандарды аралады.