Бұқаралық спортты дамыту – еліміздің әлеуметтік дамуының басым бағыттарының бірі. Осыған орай 2024 жылдың қорытындысы бойынша Қостанай қаласының үздік спортшылары мен жаттықтырушыларын салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті. Оларға қала әкімі Марат Жүндібаев  арнайы алғысхаттар мен қаржылай сыйлықтар табыстады.