Қостанай ауданының Мәскеу елді мекенінде жаңа дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. Нысан «Ауыл медицинасын дамыту» жобасы аясында іске қосылып отыр. Медициналық мекеменің ашылу рәсіміне облыс әкімі Құмар Ақсақалов арнайы барып қатысты.