Соңғы жылдары облыс орталығында бұқараның жаппай спортпен шұғылдануына мейлінше жағдай жасалуда. Қуантатыны, шынығамын дегендерге тегін мүмкіндіктер пайда болды. Мәселен, биыл ғана ашылған дене шынықтыру-сауықтыру кешені келушілерден көк тиын да талап етпейді. Содан болар, спорт бөліміндегілердің айтуынша, бұнда тәртіп бұзатындар, жабдықтарды қалай болса солай қолданатындар көңілге кірбің түсіреді.