Елімізде барлық зейнетақы мен жәрдемақылар жыл сайын инфляция деңгейін ескере отырып индекстеліп жатыр. Соның нәтижесінде 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап ынтымақты зейнетақы 8,5%-ға, әлеуметтік жәрдемақылар мен базалық зейнетақы 6,5%-ға өседі. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында жауапты мамандар мәлімдеді.