Биыл Қостанай облысында 570-тен астам мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалған. Мемлекеттік қызмет істері департаменті жүргізген тексерулердің қорытындысы бойынша 400 қызметкерге 800 мың теңгеден астам өтемақы төленді. Әңгіме, тиімді жұмыс істеген мамандар жайлы. Сонымен қатар, оларға қосымша демалыс қарастырылған.