Сарыкөл ауданы қарқынды дамып, халықтың әл-ауқаты артуда. Жолдар жаңарып, ауылдар сапалы ауыз сумен қамтылып, инфрақұрылым айтарлықтай жақсарған. Жұмыссыздық деңгейі төмендеп, шағын және орта бизнестің үлесі экономикалық өсімнің негізіне айналды. Аудан басшысы он бір айдың қорытындысы бойынша есеп беріп, жетістіктер және алдағы жоспарлармен бөлісті.