Мектептердің материалдық-техникалық базасын байыту, заманға сай жабдықтау, жөндеу жұмыстарын жүргізіп, жаңғырту – мемлекеттік маңызы бар міндет. Себебі білім беру нысандарында болашақтың іргесі қаланып, адам капиталын арттыру көзделеді. Сондықтан да сапалы білім беріп, саналы ұрпақ тәрбиелеу негізінде Жангелдин ауданында тиісті жұмыстар орындалуда. Қай мектепте қандай жаңалық бар?