Мемлекет басшысы алдымызда тұрған аса маңызды міндет – ауылды жан жақты дамыту деген еді. Осыған орай, Қостанайда ауыл әкімдерінің форумы өтті. «AMANAT» партиясы ұйымдастырған алқалы жиында ауыл-аймақта жүзеге асып жатқан жобалар талқыланды. Форумға еліміздің 6 өңірін аралап келген орталық аппараттың жетекшісі Мәди Оспанов қатысты. Аудан әкімдерінің есебі тыңдалып, келер жылдың жоспары түзілді.