«2024 – жыл жаман емес, бірақ тоқмейілсіп, тоқтайтын уақыт жоқ, көктемгі науқанға осы бастан қамдану керек». Алтынсарин ауданындағы жылды қорытындылаған қожалық иелері сондай меже қойып отыр. Аталмыш ауданда ауыл шаруашылығы саласындағылардың мерекесі аталып өтті. Жыл түйінделіп, мықтылар марапатталды.