NEET санатындағы жастардың үлесін азайтып, жұмыссыздық деңгейін төмендету. Осы мақсатта елімізде бірқатар жобалар жүзеге асырылып келеді. Қостанай облысында жыл басынан бері 3540 адам жұмыспен қамтылған. Сала мамандарының айтуынша, еңбекшіл буын қатарында жастардың қарасы басым.