Облыстық архив қызметі «Қостанай облысының танымал тұлғалары" атты тарихи танымдық жинақтың таныстырылымын өткізді. Кітап белгілі қостанайлықтар туралы жарияланымдар сериясының жалғасы саналады. Оған еліміздің қоғамдық дамуына баға жетпес үлес қосқан Социалистік Еңбек Ерлері туралы деректер енген.