Соңғы екі жылда өңір экономикасы алға басқан. Оң динамика сан салада байқалады. Медициналық нысандар ашылып, мыңдаған пәтер кілттері иелеріне табысталды. Өндіріс бойынша да біршама есе өсім бар. Сондай-ақ, бизнес серіктестердің саны артып, ғылым, білім, сауда бағыттарында меморандумға қол қойылған. Аймаққа Құмар Ақсақалов басшылық еткен 2 жылдағы елеулі оқиғалар мен атқарылған жұмыстар жайлы тілшіміз тарқатады.