Ғимараттар мен көпқабатты тұрғын үйлердің қабырғаларына жазылған графиттердің авторларын анықтауға және өшіруге Мүлік иелерінің бірлестіктері де атсалысуы керек. Қостанай қаласының прокуроры Ринат Кәрімов коммуналшылармен жиын өткізіп, есірткіге қарсы күш біріктіруді ұсынды.
Прокурор келтірген мәліметтер бойынша 2024 жылы улы затты тұтынушылар да, тарату фактілері де өскен. 15,5 пайызға. Ең ірі көлеммен, бұл 1 келіге жуық есірткімен және үйлердің сыртына осындай жарнама жазып жүрген екі адам таяуда құрықталды. Мүлік иелерінің бірлестіктері тұрғындармен әркез тығыз байланыста. Ортақ ватсат чаттары да бар. Қала прокуроры бұл, халықты ақпараттандырудың таптырмас мүмкіндігі деп есептейді. Сондықтан, кез келген ұлт болашағына бей-жай қарамайтын азамат, осындай жазу жазып жүргендерді көрсе, бірден полицияға хабарлауды өтінді.