Қостанайда тұрғындардың мас күйінде жасаған заңбұзушылықтары көбейе түсті. Күн сайын айықтырғышқа жеткізілетін адамдардың саны елуге жуықтайды. Тентек суға тойып алғандар көбінесе заңның шеңберінен шығып кетіп жатады. Сондықтан әкімшілік істердің саны артты. Тәртіп сақшылары қандай тиісті шаралар қолданады?