Биыл түрлі қиындыққа қарамастан, ел қамбасы астыққа толды. Күзгі жиын-терімде   26,7 миллион тонна дақыл жиналды. Бұл – соңғы он жылдағы рекордтық көрсеткіш,- деді Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумында. Үздік нәтижеге жетуде қостанайлық дихандардың еңбегі елеулі.