Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, биыл ел бойынша рекордтық, 18 млн шаршы метр үй салу жоспарланған болатын. Бұл ретте, жыл соңына дейін Қостанай облысында 500 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға беріледі. Құрылыс жұмыстары бүгінде қарқынды жүріп жатыр. Сол сияқты, тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту мақсатында қолға алынған маңызды жобалар сәтті жүзеге асырылуда. Бұл туралы қала құрылысы басқармасының басшысы мәлім етті.