Автобустардағы онлайн төлем жүйесі жолаушының да, жүргізушінің де жүйкесін жұқартып бітті. Әсіресе, таңғы уақыт пен кешкі уақттың әңгімесі бөлек. Қоғамдық көлікпен қатынайтындар жақсы біледі, төлем үшін ұзынсонар кезек тізіледі, бірінің смартфоны қарысады, енді бірі картасын үйінде ұмытады. Салдарынан таң атпай жатып жанжал туады. Әрине, күнде емес. Онлайн төлем жүйесінің өзіне жүйе керек. Мәселені шешу үшін атқарушы билік не істеп жатыр?