Тұрғындардың таза ауыз суға, табиғи газға, сапалы жолға қол жеткізу деңгейі біркелкі емес екені белгілі. Алайда, бұл олқылықты жою жұмыстары жандануда. Мемлекет басшысының берген тапсырмасына сәйкес инфрақұрылымды дамыту жұмыстары Қостанай облысында алға басып келеді. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев өңірге келген іссапары барысында осындай баға берді.