Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев облысқа жұмыс сапарымен келді. Жоғары палата төрағасы облыстық мәслихат депутаттарымен және жергілікті жұртшылықпен кездесіп, өңірде Президент тапсырмасының орындалу барысымен танысты. Сондай-ақ, бірнеше нысанды аралады. Олардың ішінде шойын құю, автомобиль зауыттары да бар.