Ел Президенті 2025 жылға дейін Қазақстанның барлық елді мекендерін 100 пайыз сапалы ауыз сумен қамту туралы тапсырма берді. Қазіргі күні ауыл халқының 90 пайызы орталық құбырға қосылған. Таза тіршілік нәріне қол жеткізген елдімекендер саны төрт жарым мыңнан асады. Оның 50 пайызы мемлекеттен берілетін қолдау есебінен суды жеңілдікпен тартқызып алған. Қостанай облысында бұл бағытта ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Кезек Садовой ауылына да жетті.