Тобыл қаласында Республика күніне арналған «Өнерім саған – туған ел» атты мерекелік концерт өтті. Шараға облыстың білім ошақтары атсалысты. Мектеп оқушылары өздерінің патриот екендіктерін паш етіп, Қазақстан жайлы әндерді орындады. Аға буын да қалыс қалмады, өнерпаз әжелер ансамблі кештің көркін қыздырды.