Интернет алаяқтық бүгінгі күні ең көп таралған қылмыс түрлерінің бірі. Алаяқтар жаңа схемаларды ойлап тауып, азаматтарды алдап, олардың ақшаларын жымқыруды жалғастыруда. Соның ішінде мемлекеттік кірістер департаментінің атын жамылып, халыққа жалған ақпарат тарату әрекеттері де жиі кездесуде.