Салада серпін, өндірісте өсім байқалады. Тобыл өңірінің 9 ай қорытындысында көрсеткен нәтижесі осындай ой қалыптастырады. Жыл басынан бері жүзеге асқан жобаларға, орындалған жоспарларға шолу жасаған жауапты басқарма басшысы ұлу жылы түгесілгенше, көрсеткіш көлемінің ұлғаятынына сенім білдірді. Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы жайлы толығырақ тілшіміз хабардар етеді.