Қостанайдағы барлық сайлау учаскелерінде халық қарасы қалың. Ел болашағы үшін маңызды шешім қабылданатын бұл сәтте тұрғындар демалыс күні ертемен белсенді дауыс беріп жатыр. Барлық учаскелер қажетті құралдармен толық жабдықталған, сайлаушыларға ыңғайлы жағдай жасалған. Ерекше қажеттіліктері бар азаматтар да инватакси қызметін пайдалана отырып, өз таңдауын жасауда.