Елімізде қарттар күні жыл сайын жоғары деңгейде аталып өтуде. Бұл мейрамның халқымыз үшін және ұрпақ тәрбиесіндегі маңызы ерекше. Үлкенге құрмет көрсетудің үздік үлгісі қалалық «Мирас» мәдениет үйінде көрініс тапты. Бұл іс-шараға мекеме қызметкерлері ғана емес, қала тұрғындары да белсене атсалысты.