Соңғы жылдары облыс орталығында тұрғын үй құрылысы қарқын алып, халықты баспанамен қамту көрсеткіші айтарлықтай артты. Қостанайда жыл соңына дейін 297 мың шаршы метр баспана пайдалануға беріледі. Оның 100 мыңға жуығы бюджеттік қаражат есебінен.  Бұл жөнінде сала мамандары қалалық әкімдікте өткен отырыс барысында мәлім етті.