Жаңа баспана шалғайдағы Тәуіш ауылының тұрғындарына берілді. 22 отбасы жаңа қоныс жаңа өмірдің бастауы болмақ деген үмітте. Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан зор қолдауға жергілікті жұрттың алғыстан басқа айтары жоқ. Қуаныштың куәсі болған тілшімізге сөз кезегін берейік.