Жартыжылдық көрсеткіш бойынша Қамысты ауданының жалпы бюджеті 5 млрд 918 млн теңгені құраған. Ауыл шаруашылық көлемінің индексі ұлғайып, өнеркәсіп өнімі артуда. Тұрғындардың 92 пайызы мемлекеттік бағдарламалармен қоса, инфрақұрылымдық нысандарды пайдаланады. Осы және өзге де атқарылған жұмыстар туралы аудан әкімі өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте мәлім етті.