Жергілікті жердегі жолдардың сапасын жақсарту аса маңызды. Ұзынкөл ауданы осы бағыттағы жұмыстарға ерекше мән беріп келеді. Ауданда жолаушыларға арналған жолдарды жөндеуге айрықша басымдылық берілген. Облыстық бюджеттен ұзындығы 23,6 шақырым аудандық маңызы бар жолдарды орташа жөндеуді жүргізуге 1,5 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінген.