Бұқаралық спортты дамыту – еліміздің әлеуметтік дамуының басым бағыттарының бірі. Президент халық арасында дене шынықтыру мен спортты дамыту үшін жағдай жасау қажеттілігін атап өтті. Облыста бұл ретте ауқымды жұмыстар атқарылып, жаңа жаттығу кешендері пайдалануға берілуде. Бүгін Қостанайда саланың үздіктері марапатталды.