Қостанайда қызмет алушылардың біріңғай қабылдау күні өтті. Мемлекеттік қызмет істері департаменті бұл жолғы шараны денсаулық сақтау басқармасымен бірлесе ұйымдастырды. Ауруханалар мен емханалардың өкілдері азаматтарға медицина саласындағы мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібін, дәрі-дәрмек алу мен дәрігерге жазылу және тағы басқа мәселелерді түсіндірді.