Ұлы отан соғысы ардагерлерін үлгі тұтып, аталары сияқты ел қорғауға әскери қызметшілеріміз дайын. Бұл туралы Жеңіс күні және Отан қорғаушылар мерекесіне орай Қостанайда өткен іс-шара барысында мәлім етілді. Айта кетейік, ТМД мемлекеттері арасында Қазақстан қарулы күштері үздік үштіктің қатарына еніп отыр.