Облыс халқын әбігерге салған көктемгі су тасқыны біраз электр, байланыс желісіне зақым келтірді. Десе де, арнайы қызмет өкілдері инфрақұрылымды барынша жедел қалпына келтіріп жатыр. Тасқын қаупі сейілген елді мекендерде коммуналдық қызмет желілері қайта іске қосылып жатыр. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар алаңында айтылды.