«Туған жерге тағзым!» Аймақтық деңгейде алғаш рет ұйымдастырылып отырған форум осылай аталады. Ауқымы кең басқосуға аға буын өкілдері мен жастар қауымы көптеп жиналды. Басқарма басшыларынан бастап беделді тұлғалар мен табысты кәсіпкерлердің дені осы жиынға арнайы ат арытып келді. Көздегендері - жас мамандарды ауданның көркеюіне өз үлесін қосуға үндеу.