Қолөнер шеберлері «Алтын қазына» байқауында бас қосты. Жасаған бұйымдарын көрермен назарына қала мен облысымыздың дарынды жастары таныстырды. Көрмедегі туындылар халқымыздың мәдени-тұрмыстық ерекшеліктерін көрсетіп, ұлттық мәдениеттің бірегей бөлігіне айналған.