Президенттің 2028 жылға дейін ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемін екі есе ұлғайту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында облыста егіс алқаптарының құрылымы әзірленді. Соған сай биыл көктемде 5,1 млн гектарға дән себу жоспарланып отыр. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы айтып берді.