Қостанай облысында 2025 жылға дейін 8 «Жайлы мектеп» салынады. Биыл саланы дамытуға қарастырылған қаражат көлемі 195,6 млрд теңгені құрап отыр. Бұл туралы облыс әкімінің қатысуымен өткен кеңейтілген жиында білім басқармасының басшысы мәлім етті. Жалпы, соңғы үш жылда білім беруді қаржыландыру 29 пайызға өскен.