Әлеуметтік қорғаудың басым бағыты – азаматтарды еңбекпен қамту. Осы орайда облыста жұмыс орындарын құру, жұмыссыз тұрғындардың тұрақты табыс табуына қолғабыс ету және мемлекеттік қолдаудың белсенді тетіктерін көрсету бойынша кешенді шаралар іске асуда. Өңірде өткен жылы орындалған міндеттің нақты нәтижесін сала мамандары мәлімдеді.