Облыста азаматтық қоғам қаншалықты белсенді? Өткен жылы қолға алынған жобалар қалай іске асырылды? Ел Президенті бұндай ұйымдардың рөлін нығайтуды тапсырды. «Аманат» партиясының өңірлік филиалы жанындағы Мирас аймақтық кеңесінің кезекті отырысында Үкіметтік емес ұйымдардың жұмысы талқыланды.