«Арқалықта ұшақ ұшатын болады». «Торғайға газ келеді». «Арқалық институты университетке айналады». Бұл жағымды жаңалықтарды шаһар жұртшылығы арнайы жұмыс сапарымен келген облыс әкімінің өз аузынан естіді. Сапар барысында өңір басшысы қаланың бірқатар әлеуметтік-экономикалық маңызы бар нысандарын аралап, қала активімен кездесу өткізді.