Қостанайдағы индустрия аймағы, «Қонай» және «Юбилейный» шағын аудандарындағы сумен жабдықтау желісінің 79% және су бұру желісінің 71% тозып тұр. Бұл туралы қалалық әкімдікте өткен жиында «Қостанай-Су» кәсіпорнының басшысы Қазбек Шалабаев айтты. Кәсіпорын әбден тозығы жеткен нысандарда 14 жобаны жүзеге асырып жатыр. Жобаларды іске қосуға төрт жыл бұрын енгізілген географиялық ақпарат жүйесі көмегін тигізуде. Жүйе арқылы апат болған орынды дәл табуға болады.