Биылғы жылы Амангелді  ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуында оң динамика байқалады. Жаңа тұрғын үйлер салынып, халыққа пайдалануға берілді. Өңірдің бірнеше нысандарында абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, аудан ажарлана түскен. Бұл туралы өңірлік коммуникациялық қызметте өткен брифингте айтылды.