Жыл басынан бері Қостанай облысында экономиканың өсу қарқыны жеделдеген. Экспорт көлемі ұлғайды. Сауда, құрылыс, көлік, тау-кен өндіру өнеркәсіптері, сумен жабдықтау, ауыл шаруашылығы салалары оң өсім көрсетіп отыр. Бұл туралы өңір басшысы елордада орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты. Құмар Ақсақалов биыл атқарылған жұмыстардың қорытындысын шығарып, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.